Вашингтонда өлім жазасы енгізілді

Вашингтонда ауыр қылмыс үшін өлім жазасы енгізілді. Тиісті жарлыққа Президент Дональд Трамп қол қойды.

Яғни кісі өлтіргендерге енді ең ауыр жаза тағайындалуы мүмкін. Оның айтуына қарағанда, кейінгі жылдары АҚШ-тың бас шаһарында қылмыс көбейген. Сондықтан 1981 жылы өзгерген заң қайта  күшіне енеді. Ақ үй әкімшілігінің мәліметі бойынша, Вашингтонда Нью-Йоркке қарағанда 6 есе көп қылмыс жасалады. АҚШ Бас прокуроры Пэм Бонди алдағы уақытта өлімі жазасын өзге штаттарға да енгізуге ниетті екенін жеткізді.