БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Гаитиге қосымша күш жіберуді мақұлдады, деп хабарлайды 24kz.
Бұл шешім елдегі бандитизмге қарсы күрес үшін қабылданды. Былтыр қарулы топтар ел астанасының басым бөлігін басып алды. Салдарынан 1 миллионнан астам адам үйлерін тастап кетті. Елде аштық қаупі күшейді. АҚШ жаңа резолюцияны гуманитарлық дағдарысты еңсерудегі маңызды қадам деп санайды. Ал Ресей мен Қытай Вашингтонды АҚШ-тан Гаитиге заңсыз қару тасымалын тоқтата алмады деп айыптады.
Тегтер #БҰҰ #Гаити #гуманитарлық дағдарысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz