БҰҰ Гаитиге қосымша күш жібереді
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Гаитиге қосымша күш жіберуді мақұлдады, деп хабарлайды 24kz.
Бұл шешім елдегі бандитизмге қарсы күрес үшін қабылданды. Былтыр қарулы топтар ел астанасының басым бөлігін басып алды. Салдарынан 1 миллионнан астам адам үйлерін тастап кетті. Елде аштық қаупі күшейді. АҚШ жаңа резолюцияны гуманитарлық дағдарысты еңсерудегі маңызды қадам деп санайды. Ал Ресей мен Қытай Вашингтонды АҚШ-тан Гаитиге заңсыз қару тасымалын тоқтата алмады деп айыптады.