RU
Толық нұсқаға өту

Дональд Трамп Таяу Шығысқа аттанды

13.10.2025, 07:10 543

Бұл жолғы сапары – Газадағы ахуалды талқылауға арналған бейбітшілік саммитіне қатысу. Ақ үй басшысы ұшаққа мінер алдында журналистерге берген сұхбатында бұл сапардың маңыздылығын атап өтіп, алдағы кездесуден нақты нәтиже күтетінін айтты. 

Саммит Мысырдың Шарм-эш-Шейх қаласында өтеді. Жиынға жиырмадан астам мемлекеттің басшылары қатыспақ. Кездесудің негізгі мақсаты – Газа секторындағы атысты тоқтату және гуманитарлық көмек көрсету. Трамптың айтуынша, Вашингтон ұзақ мерзімді бейбіт келісімге қол жеткізу үдерісінде делдалдық рөл атқаруға дайын. Бұған дейін 9 қазанда Мысырда Израиль мен ХАМАС өкілдері атысты тоқтату және тұтқындарды босату туралы келісімге келген еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz