Дональд Трамп Таяу Шығысқа аттанды
Бұл жолғы сапары – Газадағы ахуалды талқылауға арналған бейбітшілік саммитіне қатысу. Ақ үй басшысы ұшаққа мінер алдында журналистерге берген сұхбатында бұл сапардың маңыздылығын атап өтіп, алдағы кездесуден нақты нәтиже күтетінін айтты.
Саммит Мысырдың Шарм-эш-Шейх қаласында өтеді. Жиынға жиырмадан астам мемлекеттің басшылары қатыспақ. Кездесудің негізгі мақсаты – Газа секторындағы атысты тоқтату және гуманитарлық көмек көрсету. Трамптың айтуынша, Вашингтон ұзақ мерзімді бейбіт келісімге қол жеткізу үдерісінде делдалдық рөл атқаруға дайын. Бұған дейін 9 қазанда Мысырда Израиль мен ХАМАС өкілдері атысты тоқтату және тұтқындарды босату туралы келісімге келген еді.