Ондаған жүк көлігі Мысырдан Рафах және Керем-Шалом бақылау-өткізу бекеттері арқылы өтіп, қираған аудандарға бет алды. Ел билігі шамамен 400 жүк көлігінің жөнелтілгенін хабарлады.
Жүк құрамында дәрі-дәрмек, азық-түлік, шатыр, көрпе және жанармай сияқты негізгі қажетті тауарлар бар. БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы Газа халқына үш айлық қор есебінде 170 мың тонна гуманитарлық көмек дайындаған.
Атысты тоқтату келісімі аясында көмек көлемін тәулігіне 600 жүк көлігіне дейін ұлғайту көзделген.
Тегтер #Газа секторы #БҰҰ #гуманитарлық көмекPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz