Газа секторына жеткізілетін гуманитарлық көмектің көлемі ұлғайды

Ондаған жүк көлігі Мысырдан Рафах және Керем-Шалом бақылау-өткізу бекеттері арқылы өтіп, қираған аудандарға бет алды. Ел билігі шамамен 400 жүк көлігінің жөнелтілгенін хабарлады.

Жүк құрамында дәрі-дәрмек, азық-түлік, шатыр, көрпе және жанармай сияқты негізгі қажетті тауарлар бар. БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы Газа халқына үш айлық қор есебінде 170 мың тонна гуманитарлық көмек дайындаған. 

Атысты тоқтату келісімі аясында көмек көлемін тәулігіне 600 жүк көлігіне дейін ұлғайту көзделген.