Үндістанның батысындағы Раджастхан штатында жолаушылар автобусы отқа оранды.
Салдарынан 19 адам опат болды. Автобустың ішінде барлығы 57 жолаушы болған. Қысқа тұйықталудан пайда болған қызыл жалын көзді ашып жұмғанша көліктің сау-тамтығын қалдырмады. 15 жолаушы ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди қаза тапқандардың отбасыларына 200 000 рупий, ал зардап шеккен азаматтарға 50 000 рупий төленетінін айтты.
Тегтер #Үндістан #автобус #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz