Үндістанда автобус өртінен 19 адам көз жұмды

Үндістанның батысындағы Раджастхан штатында жолаушылар автобусы отқа оранды.

Салдарынан 19 адам опат болды. Автобустың ішінде барлығы 57 жолаушы болған. Қысқа тұйықталудан пайда болған қызыл жалын көзді ашып жұмғанша көліктің сау-тамтығын қалдырмады. 15 жолаушы ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди қаза тапқандардың отбасыларына 200 000 рупий, ал зардап шеккен азаматтарға 50 000 рупий төленетінін айтты.