Жапонияның Оита қаласында халық тығыз орналасқан тұрғын алабынан шыққан өрттен 170-тен астам ғимарат күлге айналды. Қызыл жалынның таралу аймағы кеңейіп, жақын маңдағы орман алқабына да жеткен.
Бірнеше адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Төтенше жағдай қызметінің мәліметінше, қауіп төнген аудандардан 175 тұрғын эвакуацияланды. Өрт ошағы Саганосеки балық аулау портының солтүстік-шығысындағы тұрғын аудан. Қазір қызыл жалынның неден шарпығаны анықталып жатыр. Жағдайды бақылауға алу үшін аймаққа жедел құтқару жасақтары жөнелтілді.
Тегтер #Жапония #ғимараттар #халық #өртPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz