Жапонияда 170 ғимарат отқа оранды

Жапонияның Оита қаласында халық тығыз орналасқан тұрғын алабынан шыққан өрттен 170-тен астам ғимарат күлге айналды. Қызыл жалынның таралу аймағы кеңейіп, жақын маңдағы орман алқабына да жеткен. 

Бірнеше адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Төтенше жағдай қызметінің мәліметінше, қауіп төнген аудандардан 175 тұрғын эвакуацияланды. Өрт ошағы Саганосеки балық аулау портының солтүстік-шығысындағы тұрғын аудан. Қазір қызыл жалынның неден шарпығаны  анықталып жатыр. Жағдайды бақылауға алу үшін аймаққа жедел құтқару жасақтары жөнелтілді.