Гонконгте үш күндік аза тұту жарияланды.
Тай По тұрғын үй кешенінде болған өрт құрбандарын еске алу мақсатында ғимараттардағы тулар дүйсенбіге дейін төмен түсіп тұрады. Ресми іс-шаралар тоқтатылды. Гонконг орталығында тұрғындар марқұмдарды 3 минут үнсіздікпен еске алды. Көп қабатты тұрғын үй кешеніндегі өрт салдарынан 128 адам қаза тапты. 200 адамнан әлі күнге дейін хабар-ошар жоқ. Бұл қаладағы кейінгі 80 жылдағы ең алапат өрт болды. Билік ауданда құтқару операциясы аяқталғанын, бірақ құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін екенін хабарлады.
Тегтер #Гонконг #аза тұту #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz