Гонконгте үш күндік аза тұту жарияланды
Гонконгте үш күндік аза тұту жарияланды.
Тай По тұрғын үй кешенінде болған өрт құрбандарын еске алу мақсатында ғимараттардағы тулар дүйсенбіге дейін төмен түсіп тұрады. Ресми іс-шаралар тоқтатылды. Гонконг орталығында тұрғындар марқұмдарды 3 минут үнсіздікпен еске алды. Көп қабатты тұрғын үй кешеніндегі өрт салдарынан 128 адам қаза тапты. 200 адамнан әлі күнге дейін хабар-ошар жоқ. Бұл қаладағы кейінгі 80 жылдағы ең алапат өрт болды. Билік ауданда құтқару операциясы аяқталғанын, бірақ құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін екенін хабарлады.