Бразилияда талипот пальмасы гүлдеді. Бұл өте сирек кездесетін құбылыс.
Өйткені талипот 30-80 жылдық ғұмырында бір-ақ рет гүлдейді. Осыдан кейін қурап қалады. Бірақ оның тұқымынан жаңа өсімдіктер пайда болады. Алып ағаштың биіктігі 20 метрден асады, ал жапырақтарының диаметрі 5 метрге дейін жетеді. Талипот пальмасы негізінен Үндістан мен Шри-Ланкада өседі. Алғаш рет Бразилияға осыдан 60 жыл бұрын жеткізілген.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #БразилияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz