Бразилияда талипот гүлдеді

Бразилияда талипот пальмасы гүлдеді. Бұл өте сирек кездесетін құбылыс.

Өйткені талипот 30-80 жылдық ғұмырында бір-ақ рет гүлдейді. Осыдан кейін қурап қалады. Бірақ оның тұқымынан жаңа өсімдіктер пайда болады. Алып ағаштың биіктігі 20 метрден асады, ал жапырақтарының диаметрі 5 метрге дейін жетеді. Талипот пальмасы негізінен Үндістан мен Шри-Ланкада өседі. Алғаш рет Бразилияға осыдан 60 жыл бұрын жеткізілген.