Германияның ірі автоконцерні Volkswagen алғаш рет ел аумағындағы зауыттарының бірін жабу туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы Financial Times басылымы хабарлады. Мұндай қадамға Еуропа мен Қытай нарықтарындағы сұраныстың төмендеуі, сондай-ақ АҚШ тарапынан енгізілген импорттық тарифтер себеп болған. Бұған дейін Volkswagen Германиядағы он зауытының үшеуін жабуды жоспарлаған. Соның салдарынан елде шамамен 35 мың жұмыс орны қысқартылуы мүмкін.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Германия #VolkswagenPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz