Марокконың батысындағы су тасқынынан 37 адам қаза тапты.
Тағы 32 адам жарақаттанды. Зардап шеккен аймақтарда 70-тен астам үй су астында қалды. Мыңдаған жергілікті тұрғын тасқыннан үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Метеорологтардың болжамынша, өңірде алдағы күндері тағы да жауын-шашын күтіледі.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Марокко #су тасқыныPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz