Мароккода тасқыннан 37 адам опат болды
Марокконың батысындағы су тасқынынан 37 адам қаза тапты.
Тағы 32 адам жарақаттанды. Зардап шеккен аймақтарда 70-тен астам үй су астында қалды. Мыңдаған жергілікті тұрғын тасқыннан үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Метеорологтардың болжамынша, өңірде алдағы күндері тағы да жауын-шашын күтіледі.