Алтын бағасы жаңа рекорд орнатты. Әлемдік нарықта 2,5 пайызға қымбаттап, бір унциясы 4 500 доллардан асты.
Күмістің бағасы да өсті. Оның бір унциясы 70 долларға жетті. Сарапшылар бағалы металдардың қымбаттауын АҚШ Федералдық резерв жүйесінің ақша-несие саясатын жұмсартуымен байланыстырады. Сондай-ақ АҚШ пен Венесуэла арасындағы саяси шиеленіс инвесторларды тұрақты активтерді яғни алтын мен күмісті сатып алуға итермелеп отыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #алтын #баға #рекордPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz