Алтын бағасы тарихи рекорд орнатты

Алтын бағасы жаңа рекорд орнатты. Әлемдік нарықта 2,5 пайызға қымбаттап, бір унциясы 4 500 доллардан асты.

Күмістің бағасы да өсті. Оның бір унциясы 70 долларға жетті. Сарапшылар бағалы металдардың қымбаттауын АҚШ Федералдық резерв жүйесінің ақша-несие саясатын жұмсартуымен байланыстырады. Сондай-ақ АҚШ пен Венесуэла арасындағы саяси шиеленіс инвесторларды тұрақты активтерді яғни алтын мен күмісті сатып алуға итермелеп отыр.