Швейцарияда өрт шыққан бар иелерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Екі адам абайсызда кісі өлтірді деп айыпталып отыр. Кейінгі дерек бойынша, бар қожайындарының бірі бұрын Францияда түрмеге отырып шыққан. Қайғылы оқиға 1 қаңтарда Кран-Монтана тау-шаңғы курортты аймағында болды. Бардан өрт шығып, 40 адам тірілей жанып кетті. 120-ға жуығы ауруханаға түскен. Қаза тапқан 4 адамның жеке басы анықталып, денелері жақындарына тапсырылды. Жергілікті тұрғындар әділ тергеу жүргізуді талап етіп отыр. Олардың айтуына қарағанда ғимаратта қауіпсіздік шаралары мүлде сақталмаған.
Тегтер #Швейцария #өрт оқиғасы #қылмыстық ісPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz