Швейцарияда өртенген бар иелеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Швейцарияда өрт шыққан бар иелерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Екі адам абайсызда кісі өлтірді деп айыпталып отыр. Кейінгі дерек бойынша, бар қожайындарының бірі бұрын Францияда түрмеге отырып шыққан. Қайғылы оқиға 1 қаңтарда Кран-Монтана тау-шаңғы курортты аймағында болды. Бардан өрт шығып, 40 адам тірілей жанып кетті. 120-ға жуығы ауруханаға түскен. Қаза тапқан 4 адамның жеке басы анықталып, денелері жақындарына тапсырылды. Жергілікті тұрғындар әділ тергеу жүргізуді талап етіп отыр. Олардың айтуына қарағанда ғимаратта қауіпсіздік шаралары мүлде сақталмаған.