Никарагуа үкіметі АҚШ-тың қысымымен 30-ға жуық саяси тұтқынды босатқаны туралы мәлімдеді.
Олардың қатарында бұрынғы әкімдер, діни қызметкерлер мен азаматтық белсенділер бар. Бұған дейін Құрама Штаттар түрмелерден 60-тан астам адамды бостандыққа шығаруды талап еткен еді. АҚШ-тың Никарагуадағы елшілігі мұны Манагуа мен Вашингтон арасындағы шиеленісті бәсеңдетудің маңызды қадамы деп атады. Сарапшылар президент осы әрекеті арқылы АҚШ-пен диалогты жақсартуға ұмтылады деп санайды.
Тегтер #Никарагуа #саяси тұтқын #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz