Никарагуа АҚШ-тың қысымымен саяси тұтқындарын босатты

Никарагуа үкіметі АҚШ-тың қысымымен 30-ға жуық саяси тұтқынды босатқаны туралы мәлімдеді.

Олардың қатарында бұрынғы әкімдер, діни қызметкерлер мен азаматтық белсенділер бар. Бұған дейін Құрама Штаттар түрмелерден 60-тан астам адамды бостандыққа шығаруды талап еткен еді. АҚШ-тың Никарагуадағы елшілігі мұны Манагуа мен Вашингтон арасындағы шиеленісті бәсеңдетудің маңызды қадамы деп атады. Сарапшылар президент осы әрекеті арқылы АҚШ-пен диалогты жақсартуға ұмтылады деп санайды.