RU
Толық нұсқаға өту

Сирия билігі мен күрдтер бітімге келді

19.01.2026, 19:27 238

Сирия билігі мен Сирия демократиялық күштері коалициясы атысты тоқтататынын жариялады. Елдің уақытша президенті Ахмед аш-Шараа тиісті келісімге қол қойды. 

Құжат 14 тармақтан тұрады. Оның аясында Сирия демократиялық күштері үкімет әскерімен бірігеді. Ал жергілікті мемлекеттік институттар үш провинция: Әл-Хасака, Дейр-эз-Зор және Ракканы қайта бақылауға алады. Билік азаматтық мекемелерді, шекарадағы өткізу бекеттері мен мұнай-газ кен орындарын басқаратын болады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz