Зымыран құрастыру бұл - әр елдің ішкі мәселесі. Сондықтан Тегеран бұл тақырыпты Вашингтонмен талқылауға ниетті емес.
Мұны Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи мәлімдеді. Оның айтуына қарағанда, зымырандар сыртқы жаудан қорғану үшін қажет. Әл-Жазира телеарнасына берген сұхбатында Ислам Республикасының бас дипломаты АҚШ-пен текетірестен қаймықпайтынын атап өтті. Қажет болса қарымта шабуылға көшетінін жеткізді. Осы аптада Оманда АҚШ-Иран келіссөзі өтті. Екі тарап та кездесуге оң бағасын беріп, диалогты жалғастыруға келісті.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #ИранPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz