Иран зымыран құрастырудан бас тартпайды

Зымыран құрастыру бұл - әр елдің ішкі мәселесі. Сондықтан Тегеран бұл тақырыпты Вашингтонмен талқылауға ниетті емес.

Мұны Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи мәлімдеді. Оның айтуына қарағанда, зымырандар сыртқы жаудан қорғану үшін қажет. Әл-Жазира телеарнасына берген сұхбатында Ислам Республикасының бас дипломаты АҚШ-пен текетірестен қаймықпайтынын атап өтті. Қажет болса қарымта шабуылға көшетінін жеткізді. Осы аптада Оманда АҚШ-Иран келіссөзі өтті.  Екі тарап та кездесуге оң бағасын беріп, диалогты жалғастыруға келісті.