Канаданың Британиялық Колумбия провинциясындағы мектепте оқ атылып, 10 адам қаза тапты. Тағы 25 кісі жараланған. 2-уінің жағдайы ауыр. Олар қазір ауруханада.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуылды әйел адам жасаған, бірақ әзірге полиция ресми ақпарат берген жоқ. Оның мұндай әрекетке неге барғаны әлі беймәлім. Полиция 6 мәйіт мектептің ішінен, 3-уі маңайынан тапты. Бір адам ауруханаға бара жатқан жолда жан тапсырды. Мектептегі сабақ апта аяғына дейін тоқтатылды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Канада #атыс #мектепPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz