Канададағы мектепте атыс болды

Канаданың Британиялық Колумбия провинциясындағы мектепте оқ атылып, 10 адам қаза тапты. Тағы 25 кісі жараланған. 2-уінің жағдайы ауыр. Олар қазір ауруханада.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуылды әйел адам жасаған, бірақ әзірге полиция ресми ақпарат берген жоқ. Оның мұндай әрекетке неге барғаны әлі беймәлім. Полиция 6 мәйіт мектептің ішінен, 3-уі маңайынан тапты. Бір адам ауруханаға бара жатқан жолда жан тапсырды. Мектептегі сабақ апта аяғына дейін тоқтатылды.