RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ Сириядағы ДАИШ нысандарын бомбалады

15.02.2026, 15:45 314

Бұл жайлы Вашингтонның Орталық қолбасшылығы Х желісінде мәлімдеді.

3–12 ақпан аралығында америкалық күштер ДАИШ-тың 30-дан астам нысанына 10 әуе соққысын жасаған. Операция барысында лаңкестердің инфрақұрылымы мен қару-жарақ сақтайтын қоймалары жойылған. Шабуылды жойғыш ұшақтар, тікұшақтар және ұшқышсыз аппараттар орындаған. Осылайша соңғы екі айда Сирияда  50-ден астам содырдың көзі жойылып, тірі қалғандары тұтқынға алынған. Тағы 100-ден аса инфрақұрылым талқандалған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz