АҚШ Сириядағы ДАИШ нысандарын бомбалады
Бұл жайлы Вашингтонның Орталық қолбасшылығы Х желісінде мәлімдеді.
3–12 ақпан аралығында америкалық күштер ДАИШ-тың 30-дан астам нысанына 10 әуе соққысын жасаған. Операция барысында лаңкестердің инфрақұрылымы мен қару-жарақ сақтайтын қоймалары жойылған. Шабуылды жойғыш ұшақтар, тікұшақтар және ұшқышсыз аппараттар орындаған. Осылайша соңғы екі айда Сирияда 50-ден астам содырдың көзі жойылып, тірі қалғандары тұтқынға алынған. Тағы 100-ден аса инфрақұрылым талқандалған.