Пәкістанда дәл полиция ғимаратының алдында жарылыс болды. 2 адам қаза тапты, оның біреуі - бала. Тағы 17 адам жараланған.
Тергеудің алдын ала мәліметі бойынша қолдан жасалған жарылғыш Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы полиция бөлімшесінің алдында тұрған мотоциклге жасырылған.
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, олардың кейбірінің жағдайы ауыр. Жарылыстан ғимаратқа жақын орналасқан дүкендерге де залал келген. Тергеу жүріп жатыр.
Тегтер #Пәкістан #жарылыс #әлемдеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz