Пәкістандағы жарылыс: екі адам мерт болды

Пәкістанда дәл полиция ғимаратының алдында жарылыс болды. 2 адам қаза тапты, оның біреуі - бала. Тағы 17 адам жараланған.

Тергеудің алдын ала мәліметі бойынша қолдан жасалған жарылғыш Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы полиция бөлімшесінің алдында тұрған мотоциклге жасырылған.

Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, олардың кейбірінің жағдайы ауыр. Жарылыстан ғимаратқа жақын орналасқан дүкендерге де залал келген. Тергеу жүріп жатыр.