Дубайға ұшатын әуе рейстері наурыз айының соңына дейін тоқтады. Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты осындай шешім қабылдады.
«11-31 наурыз аралығында Алматыдан және Астанадан Дубайға бағытталған тұрақты рейстер ұшпайды. Тоқтаған сапардың ақысы жолаушыларға айыппұлсыз толық қайтарылады немесе 1 сәуірден 31 мамырды қоса алғандағы кезеңге тегін қайта брондау ұсынылады. Әуе компаниясы Таяу Шығыстағы ахуалды мұқият қадағалап отыр», - делінген хабарламада.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Таяу Шығыс #Дубай #рейстерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz