Дубайға ұшатын рейстер наурыздың соңына дейін тоқтады
Дубайға ұшатын әуе рейстері наурыз айының соңына дейін тоқтады. Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты осындай шешім қабылдады.
«11-31 наурыз аралығында Алматыдан және Астанадан Дубайға бағытталған тұрақты рейстер ұшпайды. Тоқтаған сапардың ақысы жолаушыларға айыппұлсыз толық қайтарылады немесе 1 сәуірден 31 мамырды қоса алғандағы кезеңге тегін қайта брондау ұсынылады. Әуе компаниясы Таяу Шығыстағы ахуалды мұқият қадағалап отыр», - делінген хабарламада.