Эфиопияның оңтүстігінде су тасқыны мен лай көшкінінен 102 адам қаза тапты.
Тағы ондаған адам хабар-ошарсыз кеткен. Табиғи апат Гамо-Гофа провинциясында тіркелді. Лай көшкіні өңірдегі кейбір ірі жолдарды шайып, бірнеше көпірді қиратып кеткен. Сондай-ақ тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандары бүлінді. Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Билік өкілдері аймақта тағы су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертеді.
Тегтер #Эфиопия #су тасқыны #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz