Эфиопияда су тасқынынан 102 адам көз жұмды

Эфиопияның оңтүстігінде су тасқыны мен лай көшкінінен 102 адам қаза тапты.

Тағы ондаған адам хабар-ошарсыз кеткен. Табиғи апат Гамо-Гофа провинциясында тіркелді. Лай көшкіні өңірдегі кейбір ірі жолдарды шайып, бірнеше көпірді қиратып кеткен. Сондай-ақ тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандары бүлінді. Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Билік өкілдері аймақта тағы су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертеді.