АҚШ Президенті Дональд Трамп Қатарды Ираннан арашаламақ. Ақ үй қожайыны Тегеранды бұдан былай Дохаға жоламауға шақырды.
Өйтпеген жағдайда, Ислам Республикасына жойқын соққы беруге бекініп отыр. «Яғни «Оңтүстік Парс» газ-кен орнын жарып жібереміз», - дейді.
Сөйте тұра «Осыған дейін Иранда бұл кенішке жасалған Израильдің шабуылына қатысымыз жоқ», - деп даулы мәселеден іргесін аулақ салды. Сондай-ақ бұл жағдай енді қайталанбайтынын жеткізді.
Тегтер #Трамп #қатар #Иран #АҚШ #Ақ үй #Оңтүстік ПарсPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz