Д.Трамп Қатарды Ираннан арашаламақ

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қатарды Ираннан арашаламақ. Ақ үй қожайыны Тегеранды бұдан былай Дохаға жоламауға шақырды.

Өйтпеген жағдайда, Ислам Республикасына жойқын соққы беруге бекініп отыр. «Яғни «Оңтүстік Парс» газ-кен орнын жарып жібереміз», - дейді. 

Сөйте тұра «Осыған дейін Иранда бұл кенішке жасалған Израильдің шабуылына қатысымыз жоқ», - деп даулы мәселеден іргесін аулақ салды. Сондай-ақ бұл жағдай енді қайталанбайтынын жеткізді.