Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін коммерциялық кемелерден транзиттік алым алуды бастады.
Bloomberg ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, тариф көлемі белгіленбеген. Ол жеке есептеледі. Әр рейс үшін 2 миллион АҚШ доллары талап етілуі мүмкін.
Ислам революциясының сақшылар корпусы Кешм және Ларек аралдарындағы қозғалысты бақылайды. Бұл талап енгізілгелі бері 2 кеме төлемақы төлеген. Енді бұл ережені Иран парламентінде заң жүзінде бекітуді қарастырып жатыр. Мұны Иран тарапы: «Қауіпсіздік үшін жасалады», - деп есептейді.
Дегенмен Парсы Шығанағындағы елдер: «Мұндай талап орынсыз», - деп отыр. Бұған АҚШ-та араласты. Дональд Трамп: «Ормуз бұғазын пайдаланып отырған елдер оны қорғауға тиіс», - деп мәлімдеді.
Тегтер #Ормуз бұғазы #кеме #Иран #АҚШPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz