Иран Ормуз бұғазындағы кемелерді бақылауға алды

Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін коммерциялық кемелерден транзиттік алым алуды бастады. 

Bloomberg ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, тариф көлемі белгіленбеген. Ол жеке есептеледі. Әр рейс үшін 2 миллион АҚШ доллары талап етілуі мүмкін.

Ислам революциясының сақшылар корпусы Кешм және Ларек аралдарындағы қозғалысты бақылайды. Бұл талап енгізілгелі бері 2 кеме төлемақы төлеген. Енді бұл ережені Иран парламентінде заң жүзінде бекітуді қарастырып жатыр. Мұны Иран тарапы: «Қауіпсіздік үшін жасалады», - деп есептейді.

Дегенмен Парсы Шығанағындағы елдер: «Мұндай талап орынсыз», - деп отыр. Бұған АҚШ-та  араласты. Дональд Трамп: «Ормуз бұғазын пайдаланып отырған елдер оны қорғауға тиіс», - деп мәлімдеді.