Пентагон Таяу Шығысқа тағы 10 мың сарбаз жіберуі мүмкін.
Қазір аймақта Құрама Штаттар теңіз күштерінің 5 мың жауынгері мен мыңдаған десантшысы тұр. Wall Street Journal басылымының дерегі бойынша енді Вашингтон өңірге жаяу әскер аттандыру мәселесін қарастырып жатыр. Сондай-ақ қосымша ауыр техника шоғырландырмақ. Бұған қатысты түпкілікті шешім келер аптада қабылдануға тиіс. Ал дәл осы кезде Иранға келісімге келуге белгіленген мерзімнің уақыты аяқталады.
Тегтер #АҚШ #Таяу Шығыс #Иранмен соғыс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz