WSJ: АҚШ Таяу Шығысқа жаяу әскер кіргізуі мүмкін

Пентагон Таяу Шығысқа тағы 10 мың сарбаз жіберуі мүмкін.

Қазір аймақта Құрама Штаттар теңіз күштерінің 5 мың жауынгері мен мыңдаған десантшысы тұр. Wall Street Journal басылымының дерегі бойынша енді Вашингтон өңірге жаяу әскер аттандыру мәселесін қарастырып жатыр. Сондай-ақ қосымша ауыр техника шоғырландырмақ. Бұған қатысты түпкілікті шешім келер аптада қабылдануға тиіс. Ал дәл осы кезде Иранға келісімге келуге белгіленген мерзімнің уақыты аяқталады.