Жапония жаз келмей аптап ыстыққа дайындалып жатыр. Егер сынап бағанасы 40 градустан асса, бұл ең жоғары әрі қауіпті деңгей дегенді білдіреді.
Бұған қатысты Жапония метеорологиялық агенттігі «кокушоби» деген жаңа атау енгізіп отыр. Ғылыми жаңа термин осы жаздан бастап күн райын болжаған кезде ресми түрде қолданылмақ. Сөздің түбіріндегі «koku» иероглифі «қатал» деген мағынаны білдіреді. Ал біздің тілде күн қатты ысыса әдетте «аптап» деп сипаттайды. Жапондар енгізген жаңа атау да осы мағынмен шамалас. Жапония халықты қауіптен дер кезінде хабардар ету үшін осындай қадамға барып отыр. Өйткені былтыр күншығыс елінде күн қатты ысып, тұрғындар біраз әбігерге түскен.
Тегтер #Жапония #ауа райы #аптап ыстық #әлем жаңалықтары #әлемде #АзияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz