Таяу Шығыстағы шиеленіс пен мұнай бағасының қымбаттағанына қарамастан Азия қор нарығы өсті.
Өйткені инвесторлар АҚШ пен Иран келісімге қол жеткізеді деп үміттенеді. Сауда қорытындысы бойынша Токиодағы Nikkei 225 0,6%-ға артқан. Гонконгтың Hang Seng индексі 0,8%-ға өсті. Ал Шанхайдағы Shanghai Composite индексі 0,8%-ға ұлғайды. Сеул, Сидней, Сингапур, Мумбай, Веллингтон және Манила қор нарықтары да өсім көрсеткен. Биржа көрсеткіштерінің көтерілуіне, көбіне, технологиялық компаниялардың акциялары әсер етті.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Таяу Шығыс #мұнайPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz