Азия қор нарығы өсті
Таяу Шығыстағы шиеленіс пен мұнай бағасының қымбаттағанына қарамастан Азия қор нарығы өсті.
Өйткені инвесторлар АҚШ пен Иран келісімге қол жеткізеді деп үміттенеді. Сауда қорытындысы бойынша Токиодағы Nikkei 225 0,6%-ға артқан. Гонконгтың Hang Seng индексі 0,8%-ға өсті. Ал Шанхайдағы Shanghai Composite индексі 0,8%-ға ұлғайды. Сеул, Сидней, Сингапур, Мумбай, Веллингтон және Манила қор нарықтары да өсім көрсеткен. Биржа көрсеткіштерінің көтерілуіне, көбіне, технологиялық компаниялардың акциялары әсер етті.