Біріккен Араб Әмірліктері әуе кеңістігін уақытша жапты. Bloomberg басылымының хабарлауынша, шешім Иран тарапынан жасалған шабуылдардан кейін қабылданған.
Елдің Қорғаныс министрлігі 19 зымыран мен дронның жойылғанын хабарлады. Шабуыл салдарынан Әл-Фуджейрадағы мұнай нысаны маңында өрт шығып, үш адам жарақат алды. Осыған байланысты бірқатар қалада ракеталық қауіп жарияланып, мектептер қашықтан оқытуға көшірілді. Ал Иран тарапы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #БАӘ #ИранPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz