БАӘ әуе кеңістігін уақытша жапты

Біріккен Араб Әмірліктері әуе кеңістігін уақытша жапты. Bloomberg басылымының хабарлауынша, шешім Иран тарапынан жасалған шабуылдардан кейін қабылданған.

Елдің Қорғаныс министрлігі 19 зымыран мен дронның жойылғанын хабарлады. Шабуыл салдарынан Әл-Фуджейрадағы мұнай нысаны маңында өрт шығып, үш адам жарақат алды. Осыған байланысты бірқатар қалада ракеталық қауіп жарияланып, мектептер қашықтан оқытуға көшірілді. Ал Иран тарапы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды.