АҚШ-та жанармай бағасы Ирандағы әскери қақтығыс басталғалы бері 50 пайызға қымбаттады. Бұл жөнінде Associated Press ақпарат агенттігі мәлімдеді.
Елде төрт литр бензиннің бағасы 5 долларға жуықтаған. Бұл – шамамен 2,5 мың теңге. Ал әскери операцияның алғашқы күнінде оның бағасы 3 доллардан төмен болған. Осылайша, жанармай құны 2022 жылдан бергі ең жоғары деңгейге жетті. Сарапшылар мұны Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты мұнай бағасының өсуімен және энергетикалық дағдарыспен байланыстырып отыр.
Тегтер #АҚШ #жанармай #бағаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz