АҚШ-та жанармай бағасы 50%-ға қымбаттады

АҚШ-та жанармай бағасы Ирандағы әскери қақтығыс басталғалы бері 50 пайызға қымбаттады. Бұл жөнінде Associated Press ақпарат агенттігі мәлімдеді. 

Елде төрт литр бензиннің бағасы 5 долларға жуықтаған. Бұл – шамамен 2,5 мың теңге. Ал әскери операцияның алғашқы күнінде оның бағасы 3 доллардан төмен болған. Осылайша, жанармай құны 2022 жылдан бергі ең жоғары деңгейге жетті. Сарапшылар мұны Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты мұнай бағасының өсуімен және энергетикалық дағдарыспен байланыстырып отыр.